Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия ойындарында 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия ойындарында 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі

25.09.2023
Абиба күміс, Мағжан қола. Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия ойындарын жемісті бастады. Кеше Ханчжоу төріндегі татамиге төрт спортшымыз шықты. 48 келі салмақта күрескен Абиба Абужақынова тарихи жетістікті қайталап, Азиада күмісін жеңіп алды. Мұндай нәтиже әйелдер құрамасында 1998 жылдан бері болмаған. Бұл - Абибаның жарақаттан кейінгі алғашқы турнирі.

Сонымен қатар Мағжан Шамшадин олжалы болды. 60 келіде белдескен балуан қола медальді қанжығаға байлады. Жартылай финалда Мағжан оңтүстік кореялық спортшыға жол бергенімен, қола үшін таласта тәжік атлетінен басым түсті.

XIX Азия ойындарының жарысы бүгін де жалғасады. Спорттың 11 түрі бойынша 38 медаль сарапқа салынады.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу