Мағжан Шамшадиннің әкесі: Олимпиадада көк туымызды желбіретеді деп сенемін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мағжан Шамшадиннің әкесі: Олимпиадада көк туымызды желбіретеді деп сенемін

25.09.2023

XIX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Мағжан Шамшадиннің анасы ұлының жеңісін мешітте естіген. Қызылордалық дзюдошының отбасы мен жақындары қуанышқа бөленіп, қола медальдің өзі үлкен олжа деп есептейді.

Байрақты бәсекеде ел үмітін ақтаған қызылордалық спортшы жарыстан кейін анасымен бейнебайланысқа шығып, жеңісін ең бірінші жанұясымен бөлісті. Мағжан Шамшадин жазғы Азия ойындарында дзюдодан 60 келіде сынға түскен болатын. Ол үшінші орын үшін таласта тәжік балуанын жеңіп, Қазақстан қоржынына қола медаль салды.

Жалпы бұған дейін ол Астанада өткен Әлем чемпионатында топжарған. Дүбірлі додаларда сайысқа түссе, тақымын қысып, тілеуін тілейтін ата-анасы оның әр жетістігін зор қуанышпен қабылдайды.

Киікбай Сырымбетов, ХІХ Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері М.Шамшадиннің әкесі:

Қола алған кезде тақымды қысып отырдық. Көзімізге жас келіп. Қызымыз звондаған видеомен сол кезде қуанып жатыр олда. Қуаныштың көз жасы ғой. Ендігі үміт, Олимпиадада көк туымызды желбіретеді деген ойдамыз.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу