Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдегері Абиба Абужақынованы анасы жеңісімен құттықтады. «Қызыма жарыстан кейін ең бірінші болып хабарластым», - дейді анасы.
Гүлзинат Ақберова 25 жыл педагог болған. Әкесі құрылысшы. Анасы Абибаның жүлдесі үшін бапкерлерге алғысын білдірді. Жарысты теледидардан көрмейтінін, ол уақытта баласына тілек тілеп отыратынын айтты. Абиба Абужақынова жарыстан кейінгі сұхбатында Париж Олимпиадасының алтынынан үмітті екенін жеткізген.
Гүлзинат Ақберова, ХІХ Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Абиба Абужақынованың анасы:
Бірінші өзім жазамын ұтылып қалған кезде. Кейінгі жарысқа жақсы қылып дайындаламыз. «Сен оған ренжіме, кейінгі жарыста медальсыз қайтпайсың» деп айтамын. Барлығымыз қуанып жатырмыз. Аман-есен еліңе орал. Сосын көре жатармыз. Алда жарыстар көп деп айтамын. Қуанамыз осы спортқа барғанына. Сондай дәрежелерге жеткеніне. Бапкерлерінің де жұмысы үлкен. Оларға рахмет айтамын.
Қуан Нұрақын