Қазақстанның екі өңірінде жастарға арналған ипотека іске қосылады. Несиені Павлодар облысы мен Ақсу қаласының тұрғындары рәсімдей алады. Ол үшін Отбасы банкімен келісім жасалды.
Басты талап – қарыз алушының жасы 35-тен аспауы керек. Соңғы 5 жылда меншігінде жылжымайтын мүлкі болмауы шарт. Жұмыс өтілі 6 айдан кем болмауы тиіс. Ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады. Қызмет ететін салаға қатысты да шектеулер бар. Оны әр әкімдік өзі белгілейді. Ал несие мөлшерлемесі 5%-дан басталады. Бастапқы жарна – 10 пайыз. Қарыз 20 млн теңгеге дейін беріледі. Оны 19 жылға дейін бөліп төлеуге болады.
Жалпы, бағдарламаны жүзеге асыру үшін 98 млрд теңге бөлінген.