Еліміздің мұрағат орталықтарында ашық есік күні өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің мұрағат орталықтарында ашық есік күні өтті

22.09.2023

«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында еліміздің мұрағат орталықтарында ашық есік күні өтті. Мақсат: өскелең ұрпақтың отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, архивтегі құжаттардың маңызын түсіндіру. Мұндай шара республика көлемінде осымен екінші рет ұйымдастырылып келеді. Ашық есік күніне мектеп оқушылары мен студент жастар қатысты. Айта кетейік, еліміздің мұрағаттарында 26 миллионға жуық түрлі құжат сақтаулы, оның ішінде мемлекетіміздің тарихи негіздері мен оқиғаларын куәландыратын аса құнды деректер бар.

Әбу-Асқар Мекешұлы, ҚР Ұлттық архиві жариялау бөлімінің басшысы:

Былтыр мысалы ұлттық архивке 500-ден астам оқушы келді бір күн аясында. Оларға түрлі экскурсиялар ұйымдастырылып, архивтің жұмысы таныстырылды. Көрмелер көрсетілді және тарихқа байланысты интеллектуалдық ойындар өткізілді.



Хабарламаларға жазылу