Өзбекстанда 70-тен аса бала уланып аурухана түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда 70-тен аса бала уланып аурухана түсті

22.09.2023

Өзбекстанда 70-тен аса бала уланып аурухана түсті. Олар Наманган облысындағы 9 балабақшаның бүлдіршіндері мен екі мектептің оқушылары. Науқастардың дене қызуы көтеріліп, іші өткен. Әзірге олардың неден уланғаны туралы ресми ақпарат түскен жоқ. Дегенмен ата-аналардың пікірінше, мәселе йод препаратынан болуы мүмкін. Елде бір аптадан бері балаларға йод беру бағдарламасы жүргізіліп жатыр. Яғни, аптаның әр сәрсенбі күндері балаларға бұл препараттың профилактикалық дозасы беріледі. Елдегі денсаулық саласына жауапты ведомство осы оқиғаға қатысты тергеуді бастады. Мәселені денсаулық сақтау министрі жіті бақылауға алған.   


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу