Қазақстанда жиһаз бағасы 9%-ға қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жиһаз бағасы 9%-ға қымбаттады

20.09.2023

Қазақстанда жиһаз қымбаттап барады. Баға бір жылда 19 пайызға көтерілген. Әсіресе, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында жиһаз бағасы 35 пайызға дейін өскен. Energyprom сарапшыларының зерттеуінше, бұған еліміздің әлі күнге импортқа тәуелділігі себеп. Бүгінде жиһаз өндірісін қанша көбейтсе де, отандық кәсіпорындар ішкі нарықты қамти алмай отыр. Орындықтың 60 пайызы, асхана мен қонақ бөлмеге арналған ағаш жиһаздың 80 пайызға жуығы шетелден әкелінген.


Хабарламаларға жазылу