«Орталық Азия – АҚШ» саммиті: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Орталық Азия – АҚШ» саммиті: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары аяқталды

20.09.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары аяқталды.  Ол Нью-Йоркте Орталық Азия мен АҚШ мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысты. Жиында С5+1 серіктестігі арқылы экономика, энергетика және қауіпсіздік салаларында Орталық Азияның егемендігін, орнықты дамуын және өркендеуін одан әрі нығайту үшін бірлесіп жұмыс істеу мәселесі талқыланды.

Саммитте Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Джо Байденнен кейін сөйледі. Кездесуде стратегиялық серіктестікті, саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақты одан әрі дамыту, сондай-ақ Еуразия құрлығындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды. Ал пікірталас барысында қауіпсіздік проблемаларын, соның ішінде киберқауіпсіздік, терроризм, экстремизм, заңсыз миграция және есірткі тасымалы секілді қауіп-қатерлерді шешу үшін ынтымақты нығайту перспективалары қарастырылды. Сондай-ақ, Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталығын ашу ісінде АҚШ тарапының қолдауына сенім артатынын жеткізді.


Хабарламаларға жазылу