Атырауда 5 жасар бала кәріз құдығына құлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 5 жасар бала кәріз құдығына құлап кетті

20.09.2023

Атырауда 5 жасар бала жеке үй ауласындағы кәріз құдығына құлап кетті. Оқиға Исатай ауданына қарасты Аққыстау елдімекенінде болған. Ауыл тұрғыны ойнап жүрген ұлының ұшты-күйлі жоғалып кеткені туралы полицияға хабарлаған. Кейін кент аумағында жедел-іздестіру жұмыстары басталған. Полицейлер баланың дауысын үй ауласындағы кәріз шұңқырынан естіп, дереу шығарып алған. Бүгінде баланың денсаулығы жақсы, дәрігерлер тексеруінен өткізілді.


Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу