«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі мәресіне жетті

19.09.2023

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі мәресіне жетті. Ұлы жорыққа қатысқан шабандоздар бүгін Түркістан облысында межелі сызықты кесіп өтті.

Ат пен атбегілердің төзімі сыналған дүбірлі додада 1300 шақырымдық жол артт қалды. 13 күн бұрын Елордадан бастау алған жарысқа 19 команда шықты. Тек 4 өңірдің арғымақтары шыдас берді. Түркістан жұртшылығы оларды құрметпен қарсы алды. Шашасына шаң жұқтырмаған Жетісулық шабандоздар жеңімпаз деп танылды. Ал, Ақтөбе командасы мәре сызығын екінші болып кесті. Үшінші орын Алматылық шабандоздарға бұйырды. Командалары жарыс жолынан шығып қалған, бірақ арғымағының мәре сызығына дейін жететінін дәлелдемек болған шабандоздардың бірі Маңғыстаулық Мағжан Абдоллаұлы. Себебі тұлпарлар дүбірінде дес бермей келген Маңғыстау облысының арғымақтары жарақат алып, күтпеген жерден қайтып кеткен еді.

Бақытжан Тұрлыбеков, ҚР Ат спорты федерациясының президенті, жоба авторы:

Негізі біз бірінші орынды Маңғыстау алады деп ойлағанбыз, екінші орынды Қостанай жылқысы алады деп. Бірақ, көріп отырсыздар, бірінші орынды бесінші орында келе жатқан Жетісу командасы алды. Бұл жерде тек қана аттың бабы ғана емес, бұл бағы да болу керек.


Хабарламаларға жазылу