«Qazaqstan дауысы» жобасының қатысушысы «The Voice» мегажобасының үздіктер рейтингіне кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan дауысы» жобасының қатысушысы «The Voice» мегажобасының үздіктер рейтингіне кірді

19.09.2023

«Qazaqstan дауысы» жобасының қатысушысы Мұса Марат «The Voice» мегажобасының үздіктер рейтингіне кірді. Отандық өнер иесінің «Самалтау» әнін орындап, көптің көзайымына айналған сәті YouTube-тағы Best of the Voice арнасында жарияланған. Әлемнің 180 елінде көрсетілетін ән байқауында үздік ондыққа кірген Мұса қазір «Көрмей таңдау» кезеңінен өтіп, жобаны жалғастырып келеді. Әйгілі жобаның қазақстандық нұсқасын әр сенбі сайын «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан тамашалай аласыздар.


Хабарламаларға жазылу