Спортшыларымыз XIX Жазғы Азия ойындарына аттанды. Алматы облысында оларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтіп жатыр. Дода 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді.
Ел намысын қорғайтын азаматтар спорттың 30 түрінен сынға түседі. Сондай-ақ, осы жарыста Олимпиада лицензиялары сарапқа салынады. Азия ойындарының бас жүлдесін иеленген спортшыға 10 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы берілсе, атлетті жарысқа дайындаушыға 5 мың доллар беріледі. Додада күміс жүлдегер атанған спортшы 5 мың доллармен, ал жаттықтырушысы 3 мың доллармен марапатталады. Қола медаль еншілеген құрама спортшысына 3 мың доллар, ал жаттықтырушысына 2 мың доллар ақшалай ынталандыру беріледі.
Қуан Нұрақын