«Досыңа дауыс бер»! Әлеуметтік желі арқылы осындай хабарлама тарап жатыр. Алаяқтықтың енді осындай түрі пайда болды. Қарапайым. «Байқауға қатысып жатыр едік. Дауыс бер», - делінген және сілтеме көрсетілген. Ал сілтемеге кірсеңіздер алаяқтардың құрығына түсесіздер. Олар осындай шабуыл арқылы сіздердің ватсаптарыңыздан таныстарыңызға түрлі хабарлама жазып, айласын жүзеге асыруы мүмкін. Сондықтан мамандар бейберекет сілтемеге кірмеуге кеңес береді.
Самал Қабышева