Мемлекет басшысы халыққа арнаған жолдауында түрлі проблемаларды көтеріп, шешу жолдарын да ұсынады. Маңыздысы олардың нақты жүзеге асып, нәтиже беруінде. Шетелдік сарапшылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына қатысты өз пікірлерін білдіріп жатыр. Әлемдегі басылымдардың бірінде жарияланған мақалада политолог, публицист Душан Пророкович «Қазақстан кейінгі 1,5 жылдың ішінде түрлі тарихи оқиғаны бастан кешірді. Мемлекет басшысының сауатты саясатының арқасында бірқатар мәселелер өз шешімін тапты. Экономикалық өсім байқалды, халықтың жағдайы да оңалды», - дейді.
Аида Ахметбек