Қазақстан мен ҚХР арасында түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен ҚХР арасында түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

18.09.2023

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қытай Халық Республикасының Ұлттар істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Пань Юэмен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты ведомствоаралық ынтымақтастық мәселелері мен іскерлік байланыстар орнату перспективалары талқыланды. Сондай-ақ, Аида Балаева екі мемлекет басшылары арасында қол жеткізілген өзара сенім мен стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтті. Сонымен бірге, екіжақты әріптестіктің негізгі бағыттары бойынша бірқатар ұсыныстар айтты. Тараптар этносаралық қатынастарды реттеу саласындағы ынтымақтастықты арттыру перспективаларын талқылай отырып, өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.


Хабарламаларға жазылу