Ақтөбе әуежайына ұшақ апатты жағдайда қонды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе әуежайына ұшақ апатты жағдайда қонды

18.09.2023

Бүгін таңертең жолаушылар ұшағы Ақтөбе әуежайына апатты жағдайда қонды. Әуе кемесі Түркияның Анталия қаласынан ұшып шыққан. Ресейдің Екатеринбург қаласына бет алған екен. Бортында 419 жолаушы мен 16 экипаж мүшесі болған.

Алдын ала болжамға сай, ұшақтың бір қозғалтқышынан ақау шыққан. Оны экипаж мүшелері Каспий теңізі маңына жеткенде байқапты. Арада 1,5 сағат өткен соң әуе кемесі аман-есен Ақтөбеге қонды. Жолаушыларға ыстық тағам беріліп, қажетті көмек көрсетілді. Мәскеуден басқа ұшақ келіп, олар сапарын қайта жалғастырды.


Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу