Алматыда жаппай төбелеске қатысушылар ұсталды. Өткен демалыста болған жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алдын ала мәліметке сай, бір топ жігіт үш адамға жабылып ұрып-соққан, телефондарын тартып алған.
«Текетірестің неден басталғаны әзірге белгісіз. Анықтау жұмыстары жүріп жатыр», - дейді полиция өкілдері. Қазір Қылмыстық кодекстің бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Оқиғаның мән-жайы тергеуден кейін белгілі болмақ.
Қуан Нұрақын