Қайрат Боранбаев пен оның екі сыбайласына үкім шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Боранбаев пен оның екі сыбайласына үкім шықты

17.09.2023

Бизнес демекші, осы аптада белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа және оның екі сыбайласына үкім шықты.

Боранбаев пен Наханов 6 жылға, Жанұзақ 3 жарым жылға бас бостандығынан айрылды. Дүние-мүлкі де тәркіленеді. Көпшілікке Қайрат Боранбаевтың есімі жақсы таныс. Ол «Қайрат» футбол клубының төрағасы, «Макдональдс» тағамдар желісінің Қазақстандағы қожайыны болған. 2021 жылы оның жағдайы 590 миллион долларға бағалаған.

Кәсіпкер былтыр наурызда тұтқындалған еді. Оған Қылмыстық кодекстің 28,189, 218 баптары бойынша «қылмыс жасауға жәрдемдесу», «бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде жымқыру», «қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру» айыптары тағылған. Тергеу барысында Боранбаев кінәсін мойындаған. Мемлекетке 90 миллиард теңгенің байлығын да қайтарып беріп отыр.

Хабарламаларға жазылу