Күрес түрлерінен Әлем чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күрес түрлерінен Әлем чемпионаты басталды

16.09.2023

Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен Әлем Чемпионаты басталды. Қалыптасқан дәстүр бойынша жарысты еркін күрес шеберлері бастады. Боз кілемде 61 келіде Өсімжан Дастанбек, 70 келіде Санжар Досжанов, 86 келіде Азамат Дәулетбеков және 125 келі салмақ дәрежесінде Юсуп Батырмурзаев бақ сынады.

Азамат Дәулетбеков алғашқы айналымда былтырғы Әлем Чемпионатының қола жүлдегері литвалық балуанды 9:0 есебімен жеңіп, жарыстың 1/8 финалына жолдама алды. Ал, жартылай финалдың жолдамасы сарапқа салынған белдесуде Арлсан Бегаевты таза жеңді. Енді финалға өту үшін америкалық спортшымен күш сынасады.

Еркін күрестен қалған балуандарымыз өкінішке қарай жеңіліп қалды. Дегенмен үміт әлі бар. Әлем біріншілігі 24-ші қыркүйекке дейін жалғасады. Грек-рим күресінен 10 балуан, еркін күрестен 9 балуан және әйелдер күресінен 10 спортышымыз ел намысын қорғайды. Жарыстың жартылай финалдық бәсекелері бүгін сағат 22.00де болады. Белдесулер «Qazaqstan» ұлттық арнасы және qazsporttv.kz сайтынан көрсетіледі. Спортшыларымызға жанкүйер болайық.


Хабарламаларға жазылу