Қазақстан Олимпиадалық қозғалысқа қосылғанына биыл 30 жыл. Осыған орай Елордада мерейтойлық кеш өтті. Кеш шымылдығы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатымен ашылды. Халықаралық Олимпиадалық комитетінің президенті Томас Бах онлайн қосылып, құттықтады. Бұдан бөлек, бокстан Олимпиада чемпиондары Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев, Олимпиада ойындарында бокстан жеңіске жеткен Иван Дычко, Василий Левит, Олимпиада ойындарының ауыр атлетикадан жеңімпаздары Денис Уланов және Жазира Жаппаркүлге І және ІІ дәрежелі марапаттар табысталды.
Елсияр Қанағатов, ҚР ҰОК Спорт департаментінің директоры:
Отыз жылдың ішінде көптеген жетістіктер болды.7 жазғы, 8 Қысқы олимпиадаға қатыстық. 79 медальға ие болдық. Оның 15-і алтын медаль. Ол дегеніміз, жеңістің арқасында Қазақстанды дүниежүзіне таныттық. Біздің тарапымыздан осы Спорттық федерация қолдау тауып, олимпиадалық степендия беріп жатырмыз. Көптеген жұмыстар бар.