Еліміздің барлық өңірінде «Kieli Tabigat» экологиялық акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің барлық өңірінде «Kieli Tabigat» экологиялық акциясы өтті

16.09.2023

«Kieli Tabigat». Осындай атаумен республикалық сенбілік басталды. Бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен елордалық еріктілер, Астана қаласының маңындағы «Бозоқ» ежелгі қалашығының аумағын тазалады. Сенбілік аясындағы барлық іс-шаралар #KieliTabigat бірыңғай хэштегімен әлеуметтік желілерде жарияланады. Барлық өңірді қамтитын бұл науқанның мақсаты - киелі нысандардың аумағын қоқыстан тазартып, табиғатты қорғау.

Ролан Құспанов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары:
Мәдени мұраларымызды сақтау арқылы мына өзіміздің жастар арқылы мәдениет деңгейін арттыруды көздеп отырмыз. Себебі біз алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылғымыз келетін болса бірінші кезекте біз мәдениетіміздің деңгейін арттыруымыз қажет.

Хабарламаларға жазылу