Үйлесімді қоғам мемлекет тұрақтылығының негізі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үйлесімді қоғам мемлекет тұрақтылығының негізі

16.09.2023

Қазақстан Халқы Ассамблеясы үйлесімді қоғам құруға атсалысады. Бұл - этносаралық қатынастарды нығайтып, мемлекет тұрақтылығын қаматамасыз етеді. Алматыдағы бас қосқан сарапшылар Мемлекет басшысы қойған осы бағыттағы міндеттерді талқылады. Қазақстан Халқы Ассамблеясы көп ұлтты қоғамда ауызбіршілікті, келісіді қамтамасыз ету үшін ауқымды шараларды атқарып келеді. Мәскелен, азаматтық сектормен, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдармен, ғылыми және шығармашылық интеллигенциямен белсенді байланысты айтуға болады. Оған қоса, қөазрігі таңда Ассамблея асында 1200-ден аса медиаторлар табысты жұмыс істеуде.

Марат Әзілханов, ҚХА төрағасының орынбасары:

Былтыр 2022 жылы медиаторлар 10 мыңға жуық азаматтарды қабылдап, соның басым бөлігінің сұрақтарын консультация тарапынан шешіп, сотқа дейін жеткізбеді. Басым бөлігі әлбетте мынау әлеуметтік жағдайға байланысты, құқықтық мәселелер. Бірақ соларға қажетті консультация беріп, көптеген сұрақтарды шешті. Бұл институт бізде орталық құрылып арнайы және семинар тренингтер медиаторларға өткізіп, жүйелі дамып келе жатыр.


Хабарламаларға жазылу