Жамбылда қолды болған қарулар табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда қолды болған қарулар табылды

15.09.2023

Жамбылдық полицейлер бір тәулік ішінде 6 түрлі жерден қару-жарақ арсеналын анықтады. Табылған қарулар қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған.

Қаптарға қапталып, сөмкелерге салынған атыс құралдары бірнеше елдімекеннің даласынан табылып отыр. Тіпті травматикалық тапаншалардан бастап, жарық шу гранатасына дейін бар. 12-ші калибрлі ТОЗ-Б, ТОЗ-63 маркалы тегіс және бір ұңғылы мылтықтар, ИЖ 17 және 27 маркалы бір ұңғылы аңшылық қарулар кездескен. Сондай-ақ, түрлі калибрлі 148 патрон, дене сауыты мен тізе таңғыштар тәркіленді. Бұл қарулардың барлығы облыстық полиция департаментінің қару қоймасынан ұрланғаны дәлелденді. Осыған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалған.


Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу