Елордалықтар жалға берілген пәтерлерді сатып алуға мүмкіндік алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалықтар жалға берілген пәтерлерді сатып алуға мүмкіндік алады

14.09.2023

Елордалықтар жалға берілген пәтерлерді сатып алуға мүмкіндік алады. Астана әкімдігі бұл мәселені қарастырып жатыр. Қалада шамамен 5 мыңдай жалға берілген пәтер бар. Онда көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жетім балалар тұрып жатыр. Қалалық тұрғын үй инспекциясы олар жалдамалы үйді нарықтағы бағамен емес, осы күнге дейін төленген ақшаның қалғанын өтеп, сатып алуына болатынын айтады.

Елордада баспана кезегін күтіп жүргендер аз емес. Халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 46 мыңдай адам үйге мұқтаж.


Хабарламаларға жазылу