Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеге жұмыс сапары аясында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен келіссөз жүргізді. Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Өзара стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін айтты. Басқа да бірқатар өзекті мәселелер пысықталды.
Данияр Қайыртай