Аргентинада инфляция деңгейі 124 пайыздан асты. Баға шарықтап, азық-түлік тапшылығы сезіліп отыр. Халықтың 40 пайызы кедейшілікке ұшыраған. Мұндай жағдай қазанда өтетін жалпыхалықтық сайлау қарсаңында биліктегі партия үшін үлкен сын. Аргентинада инфляция шарықтап қана қоймай, ұлттық валюта құнсызданып, орталық банктің резерві таусыла бастаған.
Арыстан Рысбек