Қазақстан футболдан Еуро-2024 іріктеуінде көш бастап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан футболдан Еуро-2024 іріктеуінде көш бастап тұр

14.09.2023

Қазақстан футболдан Еуро-2024 іріктеуінде көш бастап тұр. Еуропа футбол қауымдастығы одағының ресми сайты футболдан қыркүйек айындағы іріктеу матчтарының қорытындысы бойынша ұлттық құрамалардың статистикасын жариялады. Қазақстан құрамасы өткен алты ойынның қорытындысы бойынша іріктеу турнирінің барлық 53 қатысушысы арасында өткізілген соққылар саны бойынша көш бастады. Магомед Адиев шәкірттері 99 рет қарсыласынан допты тартып алды. Қазақстан құрамасы алты турдан кейін 12 ұпай жинап, Н тобында төртінші орында тұр. Қыркүйек айында отандық құрама Финляндиядан (0:1) ұтылып, Солтүстік Ирландияны (1:0) ұтқан болатын. 


Самал Қабышева 

Хабарламаларға жазылу