Петропавл қаласындағы көпір қайта жөнделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавл қаласындағы көпір қайта жөнделеді

14.09.2023

Петропавл қаласын Жұмысшы кентімен жалғайтын көпірдің деформациялық тігісі тағы да сөгіліп жатыр. Жағдай жыл сайын қайталанады. Қалалық әкімдік қаржы бөліп, нысанды жамап-жасқайды. 2014 жылы 570 млн теңгеге күрделі жөндеу жасалған. 2020-21 жылдары тағы 21 млн теңге бөлінді. Былтыр да көпір бірнеше айға жөндеуге жабылған еді. Мамандар алдымен техникалық зерттеу жүргізіп, көпірдің неге бүлініп жатқаны анықталады деп отыр. Ақау мердігер компания есебінен жойылмақ.


Эльмира Кәленова  

Хабарламаларға жазылу