Арыстанбек Мұхамедиұлы зиялы қауым өкілдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыстанбек Мұхамедиұлы зиялы қауым өкілдерімен кездесті

15.02.2016
Арыстанбек Мұхамедиұлы зиялы қауым өкілдерімен кездесті
Кездесу барысында Елбасы белгілеген 5 институционалды реформаны іске асырудың «100 нақты қадамы» талқыланды.


Мәдениет пен өнердің қырыққа жуық белгілі өкілі қатысқан жиында сөз алғандар мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына әрқашан ат салысатындықтарын жеткізді.

Сонымен қатар, биыл елімізде тұңғыш рет аталып өтетін Алғыс айту күнін өткізуге қатысты дайындық жұмыстары да пысықталды. Мереке қарсаңында театрлар мен кинотеатрларда арнайы қойылымдар сахналанып, фильмдер көрсетілмек.

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу