Ресейлік спортшылар Кристина Силаева мен Елизавета Голубева конькимен жүгіруден Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетпек. Бұл туралы Zakon.kz.ақпараттық порталы жазды. Кеше Ресей конькишілер одағы жиналыс өткізіп, екі атлетті Қазақстан құрамасына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Өйткені, бұған дейін Қазақстанның Ұлттық коньки тебу федерациясы Одаққа өтінім хат жіберген. Атқару комитеті ресейлік спортшыларға 24 айға карантин енгізеді.