Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Жас сарапшылар клубының отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Жас сарапшылар клубының отырысы өтті

13.09.2023

Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата жанындағы Жас сарапшылар клубының отырысы өтті. Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған еліміздің экономикалық дамуының жаңа парадигмасын және оны іске асыру тетіктерін талқылады. Сенат Төрағасы өз сөзінде жаңа экономикалық үлгінің перспективаларына назар аударды. Ал Жас сарапшылар клубының мүшелері сөз сөйлеп, жаңа экономикалық бағдарды іске асыруға қатысты өз ұсыныстарын жеткізді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Президентіміз еліміздің экономикалық саясатының сапалы жаңа үлгісіне көшу үшін маңызды міндеттерді белгілеп берді. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, қаржы салаларының серпінді дамуын одан әрі нығайту үшін кешенді шаралар қабылданады.


Хабарламаларға жазылу