Жемқорлық туралы хабарлап, 14 млн теңгеге дейін сыйақы алуға болады. Бірақ арнайы ережесі бар. Сыбайластықпен күрес қызметі оның ережесін бекітті. Құжат 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Параның мөлшері 1 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінен аспаса яғни, 3,5 млн теңге мөлшерінде болса хабарлаған адам 100 мыңнан - 345 мың теңгеге дейін сыйақы алуы мүмкін.
Ал басқа жағдайларда сыйақы мөлшері пара сомасының 10 пайызын құрайды. Бірақ 4 мың айлық есепті көрсеткіш көлемінен аспайды. Демек, ең көп сыйақы мөлшері 13 млн 800 мың теңге. Сыбайластық жөнінде 1424 телефонына хабарласып, ақпарат беруге болады.
Самал Қабышева