Австралияда 1700 адам жұмыстан заңсыз шығарылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда 1700 адам жұмыстан заңсыз шығарылған

13.09.2023

Австралияның «Кантас» әуе компаниясы 1700 адамды пандемия кезінде жұмыстан заңсыз шығарған. Мұны елдің Жоғарғы соты жариялады. «Би-би-си» телерадиокорпорациясының хабарлауынша, шешім шыққаннан кейін «Кантас» басшылығы бұрынғы қызметкерлерінен кешірім сұраған. Карантин кезіндегі штатты қысқарту әрекетін қаржы үнемдеу мақсатында жасалған шара еді деп мәлімдеп отыр.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу