Еліміздегі 11 жекеменшік жылу электр орталығы мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін. Прокуратура бұл нысандарды тексеріп, бірқатар заңбұзушылықты анықтады. Станциялардағы қондырғылардың әбден тозығы шыққан. Соның кесірінен жылу беру маусымында бұл нысандар апатқа ұшырауы мүмкін. Үкімет басшысы бүгін нақты жұмыс кестесін белгілеп, жылу электр орталықтарын күрделі жөндеуден өткізуді тапсырды. Әрі оның орындалуын бақылауды талап етті.