Еліміздегі 11 жылу электр орталығы тексерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі 11 жылу электр орталығы тексерілді

12.09.2023

Еліміздегі 11 жекеменшік жылу электр орталығында тексеру жүргізіліп, кейбір нысанда жүйелі кемшіліктер мен заң бұзушылықтар анықталды. Бүгін Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында республиканың бірқатар жылу-электр орталығының қызметін тексеру қорытындысы қаралды. Уәкілетті органдарға станцияларда күрделі жөндеу мен модернизациялауды қамтамасыз ету бойынша меншік иелерімен жұмыс жасау тапсырылды.

Үкімет басшысы нақты жұмыс кестесін белгілеп, оның орындалуын бақылауды талап етті. Міндеттемелер бұзылған жағдайда жылу орталықтары мемлекет меншігіне қайтару шаралары қабылданатын болады. Жиында еліміздің ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын газбен қамтамасыз ету саласындағы тиімсіз монополист делдалдарды жою мәселесі де талқыланды.  


Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу