Түркістан облысында қиыршық тас ұрлайтындарға тосқауыл болмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында қиыршық тас ұрлайтындарға тосқауыл болмай тұр

12.09.2023

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланушылардың қатары азаймай тұр. Өңірдің полицейлері жүргізген үш күндік рейд барысында осындай заңбұзушылықтың 13 дерегі тіркелді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес пен жергілікті полиция, жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың өкілдері табиғатқа залал келтіріп, тау-тасты заңсыз ұрлайтындарды төрт ауданда қолға түсірді. Рейд кезінде Сайрам, Шардара, Арыс, Отырар және Келес аудандарының тұрғындары қиыршық тастарды жүк көліктеріне артып, алып кететіні анықталды. Барлық құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалып, жауапкершілікке тарту үшін құжаттар экология департаментіне жолданды.



Айнұр Әбілқасымқызы 

Хабарламаларға жазылу