Ақтөбе облысында көпқабатты үйдің төбесінен су кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында көпқабатты үйдің төбесінен су кетті

12.09.2023

Ақтөбе облысында көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұратын үйдің төбесінен су кетті. Ембі қаласындағы бес қабатты бұл нысан осыдан екі жыл бұрын ғана жөнделіп, кезекте тұрғандарға тегін берілген.

Үйдің шатырынан аққан жаңбыр суы бірінші қабатқа дейін жеткен. Тұрғындар енді қара суықта далада қаламыз ба  деп алаңдап отыр. Мұғалжар аудандық әкімдігі мұны мердігер мекеме жою тиіс екенін айтады. Олар тез арада шатырды қалыпқа келтіру керек. Бұл ғимарат тоқсаныншы жылдары босап қалып, ұзақ жылдан кейін қайта жөнделген еді. Оған облыстық бюджеттен 225 млн теңге бөлінген.

Айдос Қалимағамбетов, Мұғалжар аудандық ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

Мердігер мекемеге кепілдік мерзіміне орай орын алған ақауларды жою жөнінде хат жүзінде нұсқама берілді. Мердігермен сөйлестік. Бүгінгі күнге мамандарды жібердіп, ақауларды толықтай анықтайтынын айтып, 20-шы қыркүйектен бастап ақауларды жөндейтінін айтып уәде беріп отыр.


Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу