Елімізде 1,5 млн-нан астам жұмыскердің жалақысын көтеруге бюджеттен 2,5 трлн теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 1,5 млн-нан астам жұмыскердің жалақысын көтеруге бюджеттен 2,5 трлн теңге бөлінеді

11.09.2023

Елімізде 1,5 млннан астам жұмыскердің жалақысын көтеруге бюджеттен 2,5 трлн теңге бөлінбек. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы айтты.

Бүгін мәжілісте «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы таныстырылды. Халықтың табысын арттыру бағдарламасын іске асыруға келесі жылға 3,5 трлн. теңге көзделген. Жалпы, бюджет шығыстарының негізгі үлесі, яғни 40 пайыздан астамы әлеуметтік салаға бағытталмақ. Вице-министрдің айтуынша, бюджеттің 2024 жылға арналған шығыстары 2023 жылмен салыстырғанда 1,5 трлн.теңгеге ұлғайып, шамамен 24 трлн теңгеге жетеді.

Абзал Бейсенбекұлы, ҚР қаржы министрінің орынбасары:

2024 жылға әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар 5,3 трлн теңге сомасында көзделген, оның ішінде базалық зейнетақы мен жәрдемақыны инфляция деңгейіне, ынтымақты зейнетақыны инфляциядан 2%-ға артып индекстелді.

Хабарламаларға жазылу