Энергетикалық тәуелсіздік қажет – Тимур Жантикин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергетикалық тәуелсіздік қажет – Тимур Жантикин

11.09.2023

Атом электр станциясы энергетикалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Атом электр станциялары ЖШС бас директоры Тимур Жантикиннің Real Clear Energy басылымында жарық көрген мақаласы осылай басталады. Мақала авторы Президенттің жуырдағы жолдауына пікір білдірген.

«2009 жылдан бастап Қазақстан уран өндіру және экспорттау бойынша әлемдік көшбасшы ретінде танымал. Оның үлесіне әлемдік уран өндірісінің шамамен бестен екісі кіреді. Атом электр станциясын салу үшін осы отандық ресурсты пайдалану – Қазақстанның әлемдік атом саласындағы стратегиялық маңызын көрсетеді. Басты мақсат – энергетикалық тәуелсіздік қажет»,- деп жазылған мақалада.


Хабарламаларға жазылу