BalaQorgau: Қазақстанда балаларға көмек көрсететін байланыс орталығы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

BalaQorgau: Қазақстанда балаларға көмек көрсететін байланыс орталығы ашылады

11.09.2023

Қазақстанда балаларға көмек көрсететін BalaQorgau бірыңғай байланыс орталығы ашылады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады. Осылайша 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу бойынша жаңа шаралар жүзеге асырылады. Тиісті қаулыға еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

Айта кетейік, құжат Мемлекет басшысының 2022 жылдың жазында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді. Жоспарды іске асыру барысында республикада қосымша 1000 педагог-психолог пен 2000 әлеуметтік педагог даярланады. Сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін педагогтердің үлесі 33%-ға артады.


Хабарламаларға жазылу