Ресейде 170 адам астан уланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде 170 адам астан уланды

11.09.2023

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында 170 адам астан уланды. Барлығы да жеткізу қызметі арқылы «Гринбокс» команиясынан тамаққа тапсырыс берген.

Индира Бегайдар, тілші:

Жаппай улануға байланысты компания тағамдарының жарамдылық мерзімі мен санитарлық талаптар тексерілуде. Сондай-ақ қызметкерлер медициналық бақылаудан өтіп жатыр. Компания жұмысы уақытша тоқтатылды. Мамандар тұрғындар тағам құрамындағы жұмыртқадан да улануы мүмкін дейді.
Бүгінгі күні медициналық стационарларда 99 адам ем қабылдауда, оның екеуі бала. Қалған уланғандар дәрігерлердің бақылауынан соң үйлеріне жіберілді. Жүргізілген зерттеулер өнімдерде сальмонеллалны, яғни қауіпті ішек инфекциясын анықтады. Ресейдің тергеу комитеті улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.


Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу