«ҚазМұнайГаз» мұнайдың отандық бренді KEBCO өндірісін бастаған. Бұл жайында Мемлекет басшысына компанияның басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев айтты. Қазіргі таңда KEBCO мұнайының экспорт көлемі тұрақты түрде артып келеді. Оның бағасы биылғы тамыз айында Brent мұнай маркасының бағасынан асып түскен. Жалпы биылғы 8 айда мұнай және газ конденсатын өндіру, қайта өңдеу көрсеткіштері бойынша өсім бар. Сондай-ақ, Президентке күзгі жиын-терін маусымында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттілігін қамтамасыз ету жайы баяндалды. Айта кетейік, «ҚазМұнайГаз» компаниясы егін жинау науқанына 426 мың тонна дизель отынын бөлген.