Қазақстанның жаңа батыл экономикалық жоспары оның өңірлік рөлін күшейте алады. Дәл осындай атаумен TGP басылымында мақала жарық көрді. Мақала авторы: саяси ғылымдар дәне халықаралық қатынастар саласының докторы Виктория Кларк Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына қатысты пікір білдірді.
Ол: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты халыққа Жолдауында елдің экономикалық және саяси болашағының «жол картасын» баяндады. Президенттің Жолдауы бір ғана бағытпен шектелмейді, жан-жақты және стратегиялық тұрғыдан қамтылған. Егер бұл реформалар ойдағыдай жүзеге асса, онда Қазақстан әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың жаңа дәуіріне аяқ баспақ», – деп жазды.
Аида Ахметбек