Британ билігі елдегі 150-ден астам мектепті толығымен немесе белгілі бір бөлігін жабуға мәжбүр. Өйткені олардың құрылысына пайдаланылған арзан бетондар балалардың өміріне қауіп төндіруде. Бұл бетондар Ұлыбританияда 1950-90 жылдары шағын ғимараттар салуда кеңінен қолданылған. Ары кетсе 30-40 жылға ғана жарамды. Қазір балаларды басқа ғимараттарға орналастыру жолдары қарастырылып жатыр. Премьер-министр Риши Сунак үкіметтің уақытылы шаралар қабылдамағаны үшін ақталуға мәжбүр болды.
Риши Сунак, Ұлыбританияның премьер-министрі:
Әрине, дәл қазір сәтсіз уақыт екенін түсінемін, бірақ мен проблеманың ауқымына тоқталғым келіп отыр. Англияда шамамен 22 000 мектеп бар және сапасыз бетон проблемасы олардың тек 5 пайызына ғана қатысты. 50 мектеп шектеулерді жеңілдетті, 100 мектеп тексеріліп жатыр.
Марина Бекенова