Эфирімізді қуанышты жаңалықпен бастаймыз. Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді. Жаңа ғана аяқталған ойында біздің жігіттер - есебімен ұтты. Осылайша, Еуропа біріншілігіне іріктеу аясында өз тобында тұңғыш рет 12 ұпай жинап, онлайн кестеде 2-орынға шықты. Бұл тарихи рекорд. Ұпайымыз одан да көбеюі мүмкін. Өйткені, алда әлі 4 ойын бар. Бүгінгі «Астана Аренадағы» маңызды ойынға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та барып, футболшыларға қолдау көрсетті. Ал, біз 27-ші минутта салынған Максим Самородовтың жеңіс голын бір көріп алсақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен жеңді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/181062/)