Cу, азық-түлік қауіпсіздігі - жалпақ жаһанды алаңдатып отырған мәселелер. Біраз елді астықпен қамтып келген Ресей мен Украина арасындағы соғыс бір жылдан асқалы 1 миллиардқа жуық халыққа «ас атасы жетпей қала ма?» деген қауіп бар.
Осы аптада әлем Ердоған мен Путиннің кездесуін асыға күткенімен, келісім жасалмады. Ресей президенті «астық туралы келісім» батыс шарттарды орындағанда ғана жүзеге асатынын кесіп айтты. Владимир Путиннің сәлемдемесін Түркия президенті осы сенбіде өткен үлкен жиырмалықтың саммитіне қатысқан басшыларға жеткізіп, оларды ресми Мәскеудің талабын орындауға үндеп жатыр-мыс.
Шетелдік басылымдар осылай дейді. Режеп Тайып Ердоған Ресей экспортын сақтандыруға ықпал етіп, банктерін SWIFT жүйесіне қайта қосуды ұсынған көрінеді. Bloomberg-тің пайымынша, батыс Ресейге қарсы санкцияларды жеңілдетуге құлықсыз.
Сондықтан Ердоғанның диалогқа деген ұмтылысы нәтиже бермейтінін айтады. Жалпы, бұл жолғы үлкен жиырмалықтың отырысында сюрприздер аз болмады. Толығырақ «Apta»-ның жаңа айдарында сарапшы Нұрбек Матжани баяндайды.