Бүгін «Qazaqstan дауысы» мегажобасының екінші маусымы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Qazaqstan дауысы» мегажобасының екінші маусымы басталады

09.09.2023

Бүгін «Qazaqstan дауысы» мегажобасының екінші маусымы басталады. Бұл жолы Үздік дауыс иелерін таңдайтын төрттіктің құрамында біршама өзгеріс бар. Сайысқа үш жарым мыңдай талапкерден өтініш түскен. «Көрмей таңдау» кезеңіне өткен 100-ден астам қатысушы «Qazaqstan дауысы» атағына таласады. Олардың саны кезең сайын азайып отырады. Финалға әр топтан тек бір өнерпаз жолдама алады. Бүгін сағат 20:30-да «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан мегажобаны тамашалап, өнерпаздарға жанкүйер болыңыздар!

Хабарламаларға жазылу