Алматыда Kitap Fest кітап жәрмеңкесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Kitap Fest кітап жәрмеңкесі өтті

09.09.2023

Алматыда Kitap Fest кітап жәрмеңкесі өтті. Оған 50-ден аста баспа қатысты. Жәрмеңке аясында түрлі акциялар, сондай ақ жазушылармен кездесу ұйымдастырылды. Сирек кітаптар, балалар және заманауи әдебиет, проза, поэзия жанрын қамтыған еңбектер бар.

Осымен 9-шы рет ұйымдастырылып отырған шараға 20 мыңға жуық оқырман қатысты. Олар кітап авторларымен кездесіп, пікір алмасып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.

Жұлдыз Омарбек, ұйымдастырушы:

Біз бірінші жыл өткізген кезде 13 баспа болған. Қазір 50-ден аса баспа, 100-ден аса жазушылар бүгін қатысады. Және де 28 жаңа кітаптың тұсауы кесіледі.

Бейбіт Сарыбай, жазушы, ҚР Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары:

60%-ға дейінгі жеңілдіктердің жасалып жатқаны оқырмандар үшін үлкен қуаныш. Қалаған кітаптарын өзінің ойындағы бағаға сатып алып, бүгін бір байып қайтады деген үміттеміз.

Жобаның мақсаты - оқырман мәдениетін дамытып, жазушылар мен оқырманға кездесу алаңы ұйымдастыру. Мерекеге келушілер балалар мен жастар арасында кітапқа деген қызығушылық жыл сайын артып келеді, дейді.

Мереке шеңберінде «Ауылға кітап» акциясы өтті. Кез келген оқырман өзінде бар кітапты әкеліп, ауыл кітапханаларына тапсыруға көмектесе алады.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу