Ақтөбелік тұрғын әкесінің айлығын құмар ойынға ұтылып қалып, өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. 23 жастағы азамат букмекерлік кеңседе 1 миллион 200 мың теңгеге жуық ақша тіккені белгілі болды. Ол бұл қадамға әкесінің жалақысын оның туған күні қарсаңында ойынға салып жібергеннен кейін барған.