Көкшетаудағы мектепте оқушылар тапталып қала жаздады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетаудағы мектепте оқушылар тапталып қала жаздады

08.09.2023

Дәлізді тар дей алмаймыз, бірақ, мұнша оқушы бір уақытта қайда асықты? Бір-бірін таптап кете жаздайтындай не күн туды? Әлеуметтік желіде тарап, көпшілікті алаңдатқан бұл видео Көкшетау қаласындағы № 1 мектеп-гимназиясында болған. Оқиғаға қатысты қызметтік тексеру жүргізілген. Нәтижесінде үзіліс кестесі дұрыс түзілмегендіктен балалар сабақ аяқталған бетте бір дәлізде топтасып қалған екен. Үзіліс кестесін есептей алмаған мектеп басшылығы тәртіптік жазаға тартылатын болды.  

Сандуғаш Нұрқанова,  №1 мектеп-гимназиясының директоры:

Барлық сыныптар бір мезгілде аяқталған 6-сабақтан кейін шығып, оқушылар топталып қалды. Топталған себебі гардеробта екінші есігіміз ашылмай қалды. Бала саны өте көп. Бір уақытта барлық бала шыққанда сынып жетекшілері мен мектеп администрациясы балаларға ие бола алмай қалғанымыз анық.


Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу